🇰🇿 Республика күніне орай – рухани мұраға құрмет!

Республика күніне орай – рухани мұраға құрмет!

Республика күні қарсаңында «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Алтын қор» және «Жас маман – жаңа қадам» атты кітаптарды табыстады.

Аталған кітаптарда білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен педагогтердің кәсіби ізденістері көрініс тауып, өңірдің білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан еңбектер жинақталған.

Кітаптарды музей қорына табыстау – білім беру саласының құнды мұрасын сақтау, дәріптеу және келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, рухани мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы ортақ міндет!
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 20.10.2026 в 10:48