Меню KDT

Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект»

20 қазанда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде оқушыларға арналған «Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ақпараттық және цифрлық сауаттылығын қалыптастыру, жасанды интеллекттің білім берудегі мүмкіндіктерімен таныстыру.
Ақпараттық сағат барысында оқушылар кітап пен сенімді ақпарат көздерінің маңызын талқылап, интернеттегі мәліметтердің шынайылығын тексеру жолдарымен танысты. Танымдық сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы жалған ақпаратты ажырату, жеке деректерді қорғау және жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану туралы ой бөлісті. Кітап — білімнің қайнар көзі, ал жасанды интеллект — ізденуге және білім алуға көмектесетін құрал. Оны тиімді қолдану үшін әр ақпаратты тексеріп, өз бетімізше ой қорыта білуіміз қажет. Кітап оқы, ақпаратты тексер, жасанды интеллектті ақылмен пайдалан!


https://www.facebook.com/share/r/1G8vn51mNq/


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 23.10.2026 в 09:50