«ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ЖУСАН ИІСІ» – БИБЛИОШОЛУ
2026 жылғы 19 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданының «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-сінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз шебері Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрекке жеткен жусан иісі» атты библиошолу ұйымдастырылды. Іс-шараға 7 «В» сыныбының оқушылары қатысты.
Кітапханашы Айнаш Жанатауова шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, көркемдік шеберлігі мен шығармаларындағы адамгершілік құндылықтар туралы кеңінен әңгімеледі.
Оқушылар Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі туралы өз ой-пікірлерін білдіріп, «Сұрақ-жауап» айдарына белсенді қатысты. Белсенділік танытқан оқушылар арнайы смайликтермен марапатталды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде «Жусан иісі» повесінен сахналық көрініс ұсынылды. Көрініс арқылы оқушылар шығармадағы Аян бейнесін, оның тағдыры мен асқақ арманын тереңірек танып, достықтың, үміттің және адамгершіліктің маңызын сезінді.
Кітап – рухани қазына, ал көркем шығарма – жүрекке жол табатын тәрбие мектебі!
https://www.facebook.com/share/r/1Ht85MT8V4/
Комментариев нет
Просмотров: 9