Меню KDT

«КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА»

2026 жылғы 21–22 қазан күндері Жамбыл облысы, Шу ауданының «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-сінде 19 қазан мен 19 қараша аралығында өткізілетін Халықаралық мектеп кітапханасы айлығы аясында «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі және «Кітап оқу – табысқа бастар жол» атты акция ұйымдастырылды. 
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорындағы әдебиеттерді кеңінен таныстыру, оқырман белсенділігін дамыту және оқушыларға өздерінің сүйікті кітаптарын таныстыруға мүмкіндік беру.
Іс-шара барысында кітапханашы Жанатауова Айнаш Құспанқызы оқушыларды кітап көрмелерімен, кітапханаға жаңадан келіп түскен қызықты әдеби туындылармен таныстырып, олардың мазмұны туралы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар оқырмандарға кітап таңдауға бағыт-бағдар беретін «Кітапхана сөресіндегі әдеби кітаптар» атты ұсыныстық тізім ұсынылды.
 Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқу арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, ой-өрісі дамиды, рухани әлемі байи түседі.
Кітап оқитын ұрпақ – білімді ұлттың болашағы!


https://www.facebook.com/share/p/1A7dFzB4hV/


Комментариев нет
Просмотров: 11
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 24.10.2026 в 09:16