БЕРЕКЕ МЕН БІЛІМ БАСТАУЫШТА!
Бүгін мектебімізде бастауыш сынып айлығының жабылуына және келе жатқан 25 қазан - Республика күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Балапандарымыз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әр сынып белсене қатысып, береке мен бірліктің үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, мектебіміздің өміріне белсене атсалысып, әрдайым қолдау білдіріп жүрген ата-аналар алғыс хатпен марапатталды. Сіздерге үлкен рахмет!
Білім - жарық, береке - байлық!
Осындай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар мен ата-аналарға алғыс!
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Республика күні құтты болсын!
https://www.facebook.com/share/v/1CPNiNiyMG/
Комментариев нет
Просмотров: 14