ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП БАСТАУЫ!
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара барысында мектеп аумағын тазалау, айналаны ретке келтіру және тазалықты сақтау жұмыстары жүргізілді. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Тазалық – әр адамның өзінен басталады! Туған жерімізді таза ұстап, табиғатымызды бірге қорғайық!
https://www.facebook.com/share/v/19yiHcqiyx/
Комментариев нет
Просмотров: 14