«ЖАС ҰЛАН» – ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ!
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті!
Мектеп өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық шарада 44 оқушы «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды.
Бұл – жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылыққа, жауапкершілікке, адалдыққа және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелейтін маңызды қадам.
Жас ұландар өздерінің білімдерімен, өнерлерімен және жақсы істерімен мектеп мерейін асырып, еліміздің жарқын болашағына үлес қосуға ұмтылады.
Жас ұландықтарға ақ жол, биік мақсат және толағай табыстар тілейміз!
«Біздің күшіміз – бірлікте, болашағымыз – білімде!»
https://www.facebook.com/share/r/1LFKoJmokY/
Комментариев нет
Просмотров: 13