Меню KDT

ҒАБИТ МҮСРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ


ҒАБИТ МҮСРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
2026 жылғы 28 қазанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Тоқсан би орта мектебі» КММ базасында дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар тақырыбы: «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер».
Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Семинарға облыстық орталықтың өкілдері А. Жилкожина мен В. Хворых, сондай-ақ Айыртау, Тимирязев және Ғабит Мүсірепов аудандарының дене шынықтыру мұғалімдері, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары мен әдіскерлері қатысты. Сонымен қатар аудан мектептерінің педагогтері де семинар жұмысына белсенді қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1F7fYuTvbH/


Комментариев нет
Просмотров: 11
Автор: b0910skobilim
Сайт: www.b0910.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.10.2026 в 12:14