2024 жылдың 18 наурызында «Тайыншы қаласының N 1 орта мектебі» КММ-де 11 сынып оқушыларының Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-інің қызметкерлерімен кездесуі өтті. Жиын барысында ҚАЖД-інің өкілдері ҚР ІІМ Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы толығырақ айтып бердi, онда алуға болатын мамандықтармен және оқуға түсу шарттарымен таныстырды. Балалар көп сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар берілді.
18.04.2024
"ПАТРИОТ" айлығын өткізу аясында және жастарды патриоттық тәрбиелеу, мектепте офицер мамандығының беделін көтеру мақсатында 16-17 сәуірде АӘДП оқытушысы И.Ю. Сорокин 8-9 сынып оқушыларымен ЖОО-ға түсу бойынша кәсіби бағдар беру әңгімесін өткізді. Әңгіме барысында балаларға ҚР ҚМ 9-сыныптан кейін де, 11-сыныптан кейін де оқуға түсе алатын оқу орындары туралы айтылды. Оқушылар қабылдау ережелері туралы білді. Әңгімелесу барысында ҚР ҚМ оқу орындарының бейнепрезентациялары көрсетілді.
18.04.2024
Найдено новостей: 71595. Показано с 16369 по 16384