«Антоновка орта мектебі» КММ-де музыка және көркем еңбек пәндерінің онкүндігі аясында музыка пәнінің мұғалімі Ж.В.Рожкова 5-6 сынып оқушылары арасында «Музыка ағыны» атты сыныптан тыс байқау бағдарламасын өткізді. Байқаудың мақсаты– оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын ояту; оқушылардың зейінін, ой белсенділігін, тапқырлығын дамыту, көркемдік ойлауын ояту. Сайыс көңілді, жігерлі және тартысты өтті. Балалар 3 командаға бөлініп тапсырмаларды орындады. «Доремишка» командасы жеңіске жетіп, естелік кәдесыйларға ие болды.
14.03.2024
«Досбол like» акциясы және бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында 06.02.2024ж.күні 2-3 сынып оқушылары арасында бастауыш сыныптарда «Көңілді старт» іс-шараны өткізілді.Мақсаты: денсаулықтарын нығайту, ұйымшылдық, өзара көмек көрсету және оқушыларды дене шынықтыруға, спортпен шұғылдануға баулу.Сайысқа қатысушылар күш, ептілік, тапқырлық, жылдамдық сынды қасиеттерді көрсете білді.Достық жеңіске жетті.
14.03.2024
#Біртұтас_тәрбие 2023-2024 оқу жылының басынан бастап " Антоновка ОМ "КММ-де " ағаштан көркем ою " үйірмесі жұмыс жүргізуде, 16 оқушы үйірмеге аптасына екі рет барады. Үйірме жетекшісі, Көркем еңбек мұғалімі Сакен Ергалиевич Бадимов балаларды ағашпен жұмыс істеу, ою, кесу, өңдеу, көркем кескіндеме дағдыларына үйретеді.
14.03.2024
Найдено новостей: 71595. Показано с 17841 по 17856