Бүгін, желтоқсан айының 22 -і күні мед.қызметкер О. Б. Жаркеновтың қатысуымен "Ата-аналарға жұқпалы аурулардың алдын алу және күтіну туралы" жиналыс өткізілді. Түрлі жұқпалы аурулардың болу себептері, онымен күресу жолдары, емдеу барысындағы сақтық шаралары жайлы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Келесі кезекте ДТІЖО Е. А. Алгожин "Жаңа жыл мерекесі" іс-шаралары кезінде түрлі от-шашулардан аулақ болып, қауіпсіздік ережелерін толық сақтауға шақырды. #біртұтастәрбие
26.12.2023
Бүгін, мектебіміздің мед.қызметкері О. Б. Жаркенов мектеп алды сынып оқушылары ата-аналарымен жұқпалы аурулардың алдын алу және күтіну туралы жиналыс өткізді. Түрлі жұқпалы аурулардың болу себептері, онымен күресу жолдары, емдеу барысындағы сақтық шаралары жайлы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
26.12.2023
Бүгін, "16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай аудандық шахмат жарысы өтті. Мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі А. М. Кусаинов жетекшілік ететін 9-11 сынып оқушылары аталған жарыста 1 орын иеленіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Жеткіншектерімізді жеңістерімен құттықтап, әрдайым жетістіктер мен ақ жол тілейміз. #біртұтастәрбие
26.12.2023
Бүгін, 21 желтоқсан күні Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мектебіміздің 11- сынып оқушыларымен "кездесу сағатын" өткізді. Кәсіптік бағдар беру педагогы Д. Сейтенованың қатысуымен өткізілген кездесуде мамандық таңдау саласының маман иелері тыңдаушыларға кәсіптік бағдар беріп, әр мамандықтың қыр-сырын түсіндірді.
26.12.2023
Найдено новостей: 71676. Показано с 20769 по 20784