2026 жылғы 9 сәуір күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нормативтік және ұйымдастырушылық-практикалық аспектілерін талқылау, мамандардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және сүйемелдеу қызметтері мен қолдау кабинеттерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында «ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: тәжірибе мен әдістемелік ұсынымдар» облыстық семинар-кеңесі өтті.
09.04.2026
"Мектеп – сенім аумағы" психологиялық онкүндігін өткізу шеңберінде 2026 жылғы 7 сәуірде "Рузаевка орта мектебі" КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ю.Кузнецова 5-сынып оқушыларымен "Сложный разговор" рөлдік ойынын өткізді. Мақсаты: диалог арқылы қиын өмірлік жағдайларды шешудің сындарлы жолдарын табу. Өткізілген рөлдік ойын коммуникативтік дағдыларды дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және мектеп ұжымында сенім ахуалын нығайтуға ықпал етті.
09.04.2026
Мектеп Парламентінің қызметін жандандыру мақсатында 2026 жылғы 7 сәуірде оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға және оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қолдауға бағытталған "Үздік мектеп Парламенті" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау қорытындысы бойынша "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің "Вектор успеха" атты мектеп парламенті 2-ші орынды иеленді. Бұл жетістік көшбасшылық қасиеттерді одан әрі дамытуға, жаңа идеяларды іске асыруға және оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтуға түрткі болады.
09.04.2026
Найдено новостей: 73297. Показано с 2065 по 2080