Алтын күз-бұл шығармашылық үшін тамаша уақыт, табиғаттың өзі бізге шабыт алу үшін түрлі-түсті және қызықты заттар ұсынады. "Антоновка ОМ" КММ қолөнердің шығармашылық көрмесі өтті, балалар өздерінің табиғи материалдардан жасалған қызықты жұмыстарымен тағы да қуантты. Байқау үш номинация бойынша өткізілді
25.10.2023
"Қарттар күні" мерекесінде бастауыш сынып оқушыларымен "Жүректен жүрекке" акциясы өткізілді, педагогикалық еңбек ардагерлеріне, қазіргі уақытта зейнеттік демалыста жүрген аталар мен әжелерге мейірім мен көңіл бөлінді, балалар өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын ұсынып, мерекемен құттықтады.
25.10.2023
12 қазан күні футболдан Антоновка орта мектебі мен Бірлестік орта мектебінің 3 түрлі жас тобының оқушылары арасында футболдан турнир өтті. Турнир келесі нәтижемен аяқталды: кіші топ 1:0 Антоновка ОМ командасыны, ортаңғы топ 9:0 Антоновка ОМ командасы, ересек топ 3:1 болып Бірлестік ОМ командасы жеңіске жетті.
25.10.2023
Балаларды табиғатпен таныстырудың ең тиімді түрлерінің бірі-саяхатқа шығу. Табиғатқа саяхаттау- балаларға табиғи жағдайда білім, табиғи нысандар мен құбылыстар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушылары күзгі мереке қарсаңында мұғалімдерімен бірге «Күзгі орманға» саяхат жасады.
25.10.2023
Найдено новостей: 71756. Показано с 23345 по 23360