Бүгін, "Республика күні" мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан әкімі Е. М. Бекшенов аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, ықыласын білдірді. Аталған іс-шарада білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін мектебіміздің директоры, Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің "ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҮЗДІГІ" Құрмет дипломымен марапатталды. Мектеп ұжымы білікті басшы Меңдігүл Олжабайқызын марапатымен құттықтап, биік белестер мен алар асуларыңыз көп болсын демекпіз.
24.10.2023
Бүгін, кітапхана қызметкерлері күні мерекесіне орай кітапханашыларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашағымызды кітап оқуға, білім алуға шақырып,кітап оқуды насихаттап жүрген қызметкерлерге жақсы оқырмандар мен жетістіктер тілейміз. Ұлт даналығы:"Кітап- алтын қазына" дейді, мектебіміздің кітапхана қызметкері Айсұлу Шакарманқызын төл мерекесімен құттықтап, толағай табыстар тілейміз.
24.10.2023
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ 21. 10. 2023 ж. Айыртау ауданы, Саумалкөл қазақ орта мектебінде Мектеп Парламентінің Президентінің сайлауы болып өтті. Сайлау ережесіне сәйкес ұсынылған 7 үміткер өз бағдарламаларын 7-11 сынып оқушылары арасында таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер арасынан басым дауыс жинаған: 10 сынып оқушысы Ажыханов Алимхан Азаматович Мектеп Парламентінің Президенті болып сайланды. Президент болу үлкен жауапкершілік, осы жауапкершілікті абыроймен алып шығып мектебіміздің атын тек биіктерден көрсетеді деген үлкен сенімдеміз!
24.10.2023
Найдено новостей: 71758. Показано с 23441 по 23456