Өзін-өзі басқару ұйымының президенті мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау салтанатты рәсімі. 2023 жылдың 19- 20 қыркүйек күндері аралығында Өзін-өзі басқару ұйымының президентіне үміткер 4 оқушы өз бағдарламаларын ұсынып, сайлау алды үндеу жұмыстарын жүргізді. Мектебімізде өткен жалпы мектеп Парламенті президенті сайлауында 236 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті. Мектепішілік сайлау нәтижесінде 11 сынып оқушысы Дельдеш Рустем Саматұлы 132 дауыс жинап 55,9 пайыз көрсеткішпен басым түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 51 дауыс жинап, 21,6 пайызбен Мақаш Әлихан Қанатұлы өзін-өзі басқару ұйымының Ұланбасы лауазымына тағайындалады. Өзін-өзі басқару ұйымының президенті мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы алдағы уақытта қоғамдық, танымдық, шығармашылық қабілеттеріңізбен мектеп жүйесіндегі тәрбиелік тәжірибені дамытуға атсалысу сіздерге міндеттеледі. Сіздер мектеп өміріне белсене қатысып, өздеріңізді жақсы қырларыңыздан көрсетеді деген сенімдеміз.
23.10.2023
Саумалкөл қазақ орта мектебінде орта буын оқушыларымен "Өзіңді танып білу" тренинг ері ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты: қарым-қатынастың белсенді стилін орнату, әрі қарай ашық сөйлеуге үйрету, өзіндік «Мен тұжырымдамасын» айқындау, өзін-өзі тану, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және оқушылар арасында жылы қарым-қатынас орнату. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу.
23.10.2023
Найдено новостей: 71758. Показано с 23553 по 23568