Республикалық "Қазақ тілі мен әдебиеті" ғылыми әдістемелік басылымымен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сая Алкеновна үнемі байланыс жасап отырады. Сая Алкеновнаның қаншама сабақтары, іс-тәжірибесі, мақалалары республика ұстаздарына да таныс. Қыркүйек айы басылымының мұқабасына ұстазымыздың суреті мен LS бойынша зерттеу нәтижесі жарияланып отыр.
09.10.2023
Бүгін, мектеп асханасының ЖК "Кудашкина" аспазы жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Кудашкина зейнеткерлік 61 жасқа толып отыр. Мектеп асханасында 25 жылға жуық еңбек етіп, өзінің дәмді тағамдарымен, тәтті тоқаштарымен оқушыларға күш-қуат беріп, үлкен абыройға ие аспаз апайымызды туған күнімен құттықтаймыз. Татьяна Николайқызына денсаулығыңыз мықты, көрер қызығыңыз көп болып, алда тек қуанышты сәттердің куәсі болыңыз дегіміз келеді.
09.10.2023
Ағымдағы жылы Елордада білім беру қызметкерлерінің кәсіби күніне орай жаңа бағыттағы, сапалы бастамаларды айқындаған Республикалық мұғалімдер съезі өткізілді. Жиында білім беру саласындағы 7 өзекті мәселеге жан-жақты тоқталды: Ұстаздар біліктілігін арттыру; Балаларға заманға сай озық білім беру; Мектептегі орын тапшылығын жою; Мектеп ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс; Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою; Білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету;Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керектігін айрықта атап көрсетті. Арнайы жиынға қатысып бастамаларды нақтылаған Президентке алғысымыз шексіз. Барлық көтерілген бастамалар өте орынды, өз уақытында көтерілген мәселелер деп санаймыз.
07.10.2023
Найдено новостей: 71758. Показано с 24289 по 24304