Бүгін мектебімізде аудан прокурорының орынбасары Жеңіс Берікұлы Зейнуллин, Кәмелет жасқа толмағандар инспекторы, полиция майоры Е. Жунусов және КТІТ ПУИ полиция лейтенанты Ж. Шаймергенов 8-11 сынып оқушыларына тәртіп бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік жағдайларды ескеру, әлімжеттілікті болдырмау мақсатында дәріс сағатын өткізді.
28.09.2023
Бүгін, оқушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелері, өртке қарсы әрекеттерді білу мақсатында аудандық білім бөлімі мен Айыртау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бірлескен мектеп оқушылары үшін ZOOM конференциясы болды. 1-11 сынып оқушыларына арналған конференцияда өрт болған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер мен қауіпсіздіктің сақталуы, өрттің алдын алу туралы мағлұмат айтылды.
28.09.2023
Бүгін облыс орталығы Петропавл қаласында республикалық "Ақберен" өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Ауданымыздың намысын қорғаған, мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қуандық Наргиз "Ақындар мүшәйрасы" номинациясы бойынша жүлделі 3-орынға ие болды. Наргиз оқушымызды құттықтап, әрдайым өнер биігінен көрінуін тілейміз.
28.09.2023
Аудандық білім бөлімінің 21. 09. 2023 жылғы №35. 3-2/760 хатының негізінде бүгін мектебімізде антитеррорлық әрекеттерге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Қоса берілген алгоритм аясында өткізілген іс-шараға аудандық ІІБ қызметкерлері де атсалысты. Ғимарат ішінде белгісіз бөгде заттың табылуы анықталған жағдайда мектеп мұғалімдері, оқушылары мен мектеп қызметкерлерінің әрекеті алгоритмі негізінде өткізілді.
28.09.2023
Оқушылардың танымдық, сөйлеу және көркемдік-эстетикалық дамуына жағдай жасау, мәнерлеп оқу дағдыларын, көркемдік шеберлікті қалыптастыру, адамгершілік – патриоттық сезімдер мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында мектепте "Мен күз туралы өлеңмен айтып беремін..."атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
27.09.2023
Найдено новостей: 71758. Показано с 24721 по 24736