Мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері "Тілдер онкүндігі" іс-шаралар жоспарының аясында "Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қазақстан халықтары тілдері күніне орай ұйымдастырылған жиын "6 НЕЛІКТЕН"әдісі бойынша жүргізілді. Жиынға қатысушылар тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Ана тіліміздің бүгінгі өрісі мен болашағын меңзеген жиынның жеткіншектерге берері мол.
22.09.2023
Бүгін, "Тілдер онкүндігі" іс-шаралар жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Р. С. Дүкетбаев, С. А. Кажикенова, А. Е. Ашербекова "Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы" атты ғылыми конференция өткізді. 10-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық қызметі мен өз ұлтына деген еңбегі туралы айтылды. Оқушылар ұлт ұстазының өмірі мен еңбектерін зерделеп, өз ойларын ортаға салды.
22.09.2023
Найдено новостей: 71758. Показано с 24945 по 24960