Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау мақсатында Саумалкөл қазақ орта мектебінде 11-сынып түлектерімен «Мамандық таңдау және болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп директоры М.О. Олжабаева мектеп түлектерімен болашақ жоспарлары жайлы сұхбаттасты, оқу-ісінің меңгерушісі Г.Т.Султангалиева қорытынды аттестаттау және ҰБТ жайында өзгерістермен таныстырды. Мектебіміздің кәсіби-бағдар берушісі Д.С.Сейтенова түлектерден болашақ мамандықтарына байланысты сауалнама алып, «Ең жақсы мамандық» жаттығуымен мектеп психологы А.М.Азбергенова дөңгелек үстелді аяқтады.
19.09.2023
"Тілдер онкүндігі" аясында жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы А. Ш. Нурбахтинова оқушылармен "Тілім -алтын қазынам" атты оқырмандар конференциясын өткізді. Тіл-басты байлығымыз, баға жетпес алтын қазынамыз екенін жас буынға жеткізген Айсұлу Шакарманқызы түрлі көркем ойлар мен шығармаларға шолу жасады. Ал орыс тілі пәні мұғалімі С. Т. Малаева: "Коралевство языков" викторина ойын сағатын өткізді. Алтыншы сынып оқушыларымен өткізілген сабақта балалар өз білімдерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
19.09.2023
Найдено новостей: 71758. Показано с 25057 по 25072