Меню KDT
#abaychallange
11.09.2023
Бүгінгі күнді біз «Солнышко» мектеп жанындағы лагерьдің балаларымен шығармашылыққа, талантқа арнадық. Әр бала өзінің талантын, өнерін көрсетіп, өзін басқа қырынан көрсетті.
11.09.2023
Осындай шуақты күнде «Солнышко» мектеп жанындағы лагерь балаларымен таза ауада ойнауды жөн көріп, шағын эстафета өткіздік, көңілді старттарды да ұмытпадық.
11.09.2023
Бүгін «Солнышко» мектеп жанындағы лагерьдің балалары күнін интеллектуалды ойындарға арнады, сонымен қатар хоббилері туралы әңгімелесті.
11.09.2023
«Солнышко» мектеп жанындағы лагерь балалары үшін бүгінгі күннің ұраны :«Күлкісіз өмір – қызық емес». Күн таңғы жаттығулармен басталып, балалар спорттық және ойын-сауық ойындарын ойнады.
11.09.2023
«Солнышко» мектеп жанындағы лагерь өз жұмысың күнде таңертең жаттығулардан бастайды, содан кейін балалар түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. Сондай-ақ Қазақстанның киелі нысандары бойынша викторина өткізілді.
11.09.2023
Спорт – денсаулық кепілі. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, себебі спорт балалардың дұрыс физикалық және эмоционалдық дамуы үшін қажет. Бүгін “Солнышко” лагерь оқушыларымен спорттық ойындар күнің өткіздік.
11.09.2023
Отанға деген сүйіспеншілік кішігірім нәрселерден басталады - туған жерге деген сүйіспеншіліктен, табиғатпен кездесуден алған әсерлерден, халықтық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы аңыз-әңгімелер тыңдау. Бүгін «Солнышко» лагерінің балаларымен «Отан неден басталады» тақырыбында сурет салып, туған ауылымызға шағын экскурсия жүргізілді.
11.09.2023
Жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Домбыра – қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын және Қазақстанның ұлттық музыкалық аспабы болып саналатын музыкалық аспап. Бүгін мерекеге орай «Солнышко» лагерінің балалары домбыра тартуды үйреніп, домбыра туралы білгендерін айтып берді. Сонымен қатар балалар таза ауада серуендеп, ойын ойнады.
11.09.2023
Жайдары жаз. Көзді ашып-жұмғанша өтіп кеткен маусым айы "Солнышко" мектеп жанындағы лагерь оқушылары үшін қызықты және өте белсенді өтті. Балалар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан дамып, дүниетанымдары кеңейіп, жаңа оқу жылына күш жинады.
11.09.2023
Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ... Демалыс күннен кейін "Солнышко" мектеп жанындағы лагерь балалары ауыл ішіндегі ескерткішіне барды. Өзінің ата-әжелерін, соғыста қаза болған жақын адамдарын еске алды. Кейін мектеп алаңында серуендеп, таза ауада ойнады. ... Жадырады, жайнап атты кеше күн, Мен де шіркін ғажап өмір кешемін. Аталарым батыр болып өтсе де, Мен жас ұрпақ, батыр болып өсемін...
11.09.2023
Іс-шаралар
11.09.2023
Іс-шаралар
11.09.2023
1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған
11.09.2023
Мектепалды даярлық сыныбы
11.09.2023
Әкем, анам, мен спорттық отбасымын
11.09.2023

Найдено новостей: 71758. Показано с 25361 по 25376