Саумалкөл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері М. О. Кенжебулатов, Г. А. Мурзахметова және З. Қ. Искакованың жетекшілігімен 7-10 сынып оқушыларына өлкетану мақсатында тамыз айының 11-күні шатырлы лагерь ұйымдастырылды. Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылар Ақан сері ауылында болып, серінің өмірімен толығырақ танысты.
17.08.2023
Найдено новостей: 71759. Показано с 25809 по 25824