«Қазақстан халқына» ҚБ ұсынған «QH Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасын іске асыру мақсатында ауданның дарынды, үздік 24 оқушысына 22 маусым мен 1 шілде аралығында «Бурабай» курорттық аймағында орналасқан «Эдельвейс – Бурабай» балалар сауықтыру орталығына жолдама берілді. Біздің балаларымыз үшін демалыс күлкіге және қызыққа толы болсын. Сіздерге ұмытылмас керемет көңіл-күй мен жақсы демалыс тілейміз.
22.06.2023
Бүгін мектебімізде 11 жыл білім алған оқушыларға "жалпы орта білім туралы аттестат" табыстау салтанаты өтті. Салтанатты жиынға жиылған ата-аналар мен оқушыларды мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева құттықтап, аттестат пен мақтау қағаздарын табыстады. Аттестат алған 13 түлектің 3-уі "Үздік аттестат" иелері. Олар: Аширалиева Аружан, Камашев Данияр, Қажыман Айымжан.
22.06.2023
Найдено новостей: 71759. Показано с 26129 по 26144