Меню KDT
Белсенді оқытудың түрлері (3 “Б”, 3 “Д”, 3”Е”)
21.04.2023
В Алматы состоится круглый стол на тему "Экология и атомная энергетика"
21.04.2023
21 сәуірде 7-9 сыныптарда "Мамандық әлемінде!»
21.04.2023
Меню 21.04.2023
21.04.2023
Дауқара орта мектебінде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» онкүндігі өтті. Осы аралықта мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен түрлі конкрустар мен шаралар ұйымдастырылды. Апта соңында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киманова Г.О оқушылар арасында «Түрлі түсті кеш» мерекесін өткізді. Шара барысында әр сынып оқушылары мен ұстаздар өздерінің таңдаған түстерін қорғап, арнайы түске байланысты дәмдерінде әкелді. Осылайша сахна төрінде әдемі ән шырқалып, биде биленді. Шара соңында оқушылармен ойын ойналып, онкүндік жақсы көңіл-күймен аяқталды
20.04.2023
23.01.-27.01.2023 ж аралығында «Шығармашылық. Құзіреттілік. Бастама» атты жас мамандар апталығы басталды. Бүгінгі күн «Мұғалім-мектеп жүрегі» атты тренинг сабақ өтті. Тренинг бес бөлімнен тұрады. 1. Психогеометриялық тест. 2. Бой сергіту: «Орын алмасамыз» 3. «Суреттегі ой» жаттығу 4. «Әріптік мәтін» жаттығуы 5. Рефлексия Тренинг өте жақсы деңгейде өтті.
20.04.2023
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл-ел бесігі» атты суреттер көрмесі өтті. Көрмені ұйымдастырған көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мукажанова Г.Қ мен аға тәлімгер Кукенесова Д.Ө.
20.04.2023
Роза Тәжібайқызына деген халықтың сағынышы үдей түсуде. Соған орай «Сағындым, апа, даусыңды» атты еске алу кешін мектебімізде музыка пәнінің мұғалімі Жанысова Т.Қ мен мектебіміздің кітапханашысы Мажикеева Ж.Н кеш өткізді. Кеште Р.Бағланованың өмірбаяны туралы айтып, әндерін еске алды. Кеш соңында әндері шырқалды. Айтып кетсек «Ақмаңдайлым», «Темная ночь», «Іңкәрім ай», «Ах, самара-городок».
20.04.2023
«Кітап-білім бұлағы, білім -өмір шырағы» деген ұранмен өзімнің қысқы демалысымды рухани жаңғыруға және де өзімнің сүйікті ертегілер арқылы сөздік қорды көбейтемін деп шештім. Осы демалыстағы тәжірибе арқылы жан азығын кітаптан, көркем шығармадан алатын адамның тұла бойы тұнып тұрған қазына екенін түсіндім. Сондықтан да мен сияқты жас буын кітап оқып, өзін-өзі дамыту қажет!
20.04.2023
Кітап-ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Оған дәлел Дауқара орта мектебінің оқушылары және ата-аналары. Мектеп оқушлары кітапқа деген қызығушылқтарын демалыс уақытында да жоғалтпауда. Нұрпейсовтар отбасы қысқы демалыс уақытында челлендж жасап, кітап оқуда. Аналарының айтуынша осы қалыппен жалғастырсақ бала тәрбиесінде көптеген үлкен жетістіктерге жетуге болады.
20.04.2023
14 ақпан «Оқы және өзгеге сыйла» тақырыбында кітапханаға кітап сыйлау күні өтті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нургалиев Қ.Н , тарих пәнінің мұғалімі Токишева Д.А , бастауыш сынып мұғалімі Сердалина М.А аталған акция аясында кітапханаға кітаптарды сыйлыққа табыс етті.
20.04.2023
«Оуға құштар мектеп» жобасына сай «Оқу арқылы келешекті жаса» атты Абишева М.З. 7-сынып оқушыларымен оқу сағатын өткізді. Оқу сабағының мақсаты: оқушылардың оқу мәдениеті мен белсенділігін арттыру. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады.Кітап оқу-білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.
20.04.2023
Бүгін мектебімізде мамандық таңдау бойынша мектебіміздің Кәсіби бағдар беруші педагог Абишева Г.Қ «Мен және менің мамандығым» атты тақырыпта 7-8 сыныптар арасында сайыс өткізді. Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
20.04.2023
Мектебімізде бүгін 10-11 сынып оқушыларымен «Мектептегі бір күн» жобасы өтті. Жобаны дайындаған тіл мамандары мен кітапханашы Мажикеева Ж.Н мен аға тәлімгер Кукенесова Д.Ө ұйымдастарды. Оқушылар мектеп аясында өткен қызықты сәттерімен бөлісіп, коллаж құрастырды
20.04.2023
Оқуға құштар мектеп» жоспарына сай ,қазан айында М.Әуезовтың 125 жылдығы «Қазақ жерінің дана ұлы» атты оқу сағаты өтті. Оқу сағатының мақсаты: Оқушыларға М.Әуезовтың өмірі, шығармашылығы жайлы түсінік беріп, еңбектерін бағалауға тәрбиелеу. Оқу сағатын мектебіміздің кітапханашысы Мажикеева Ж.Н мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Курмаш Д.К өткізді. Оқу сағатында М.Әуезовтың өмірбаяны таныстырылып, шығармалары оқылды. Видеобаяндамалар көрсетілді.
20.04.2023
26.01 күні Жас мамандар апталығында физика пәнінің мұғалімі Қуанышева Ж.Е 7-8 сынып оқушыларымен «Жас физиктер» тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сайыс алты кезеңнен тұрды. 1-кезең «Кім жылдам?», 2-кезең «Адасқан әріптер», 3-кезең «Бұл қай тақырып?», 4-кезең «Физикалық жұмбақтар», 5-кезең «Кім көп формула біледі?», 6-кезең «5 минуттық есеп». Сайыс қортындысы бойынша 7-сынып жеңімпаз атанды.
20.04.2023

Найдено новостей: 71817. Показано с 27905 по 27920