Бүгін, мектебімізде Д.Қонаевтің 110 жылыдығына байланысыты барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті. Сабақтың өтілу реті: 1.Жаңа сабақ «Қонаев-ұлы тұлға» 2.Қонаев туралы пікірлер 3.Монтаж 4.Нақыл сөздер 5.Дәптермен жұмыс 6.Сергіту сәті «Алатау» әні (Қонаевқа арналған ән) 7.Ойын-сұрақ «Д.А.Қонаев атамызды білеміз бе?» 8.Қорытынды
20.04.2023
Бүгін 22.02 күні 5-6 сыныптар арасында викториналық ойындар өтті. Мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдылық пен нақтылыққа бейімдеу. Викториналық ойын 4 бөлімнен тұрды. 1 бөлім «Бәйге», 2 бөлім «Полиглот», 3 бөлім «Логикалық сұрақтар», 4 бөлім «Жекпе жек». Оқушылар сайысқа белсене қатысты, сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Іс-шараны қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Курмаш Д.К мен Акжигитова А.С өткізді.
20.04.2023
22.02 2023 ж мәдениет үйінде «Есіл жұлдыздары» облыстық жас вокалистер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауды өткізу мақсаты: Отаншылдық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру. Осы байқауға мектебімізден Қаратай Айзере қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Айзереге алдағы уақытта да жеңістерің көп болсын және табыс тілейміз! Айзерені осы байқауға дайындаған жетекшісі Жанысова Т.Қ шығармашылық табыс, оқушыларыңыз биік тұғырларды бағындыра берсін деген тілік айтамыз!
20.04.2023
Міне, көптен күткен Жаңа 2023 Қоян жылымыз да келіп қалды. Оқушылармен қатар ұстаздар, ата-аналар да асыға күтті. Мерекелік кеш өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар да,ұстаздар да өнерлерін аяп қалмады. Кеш соңы барлық оқушыларға тәтті сыйлықтарды үлестірумен аяқталды. Осы кешіміздің әсерлі де қызықты өтуіне ат салысып көмектескен барша демеушілерімізге рахметімізді айтамыз.
20.04.2023
Жас мамандар апталығының соңғы күнінде мұғалімдер мен оқушылар арасында дебат ойындары өтті. Ойынды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Курмаш Д.К өткізді. Қатысушылар төмендегі тақырыптар бойынша жұпталып, ойын көркін қыздыра білді. 1.Бұл палата Бақытты ақшаға сатып алуға болады деп есептейді. 2.Бұл палата 18 жастан кейін ата-ана балаға қаржылай, материалдық көмек көрсетпеуі керек деп есептейді. Ақтық ойынның тақырыбы «Бұл палата жастар ауылға қайтіп келіп, қызмет жасау керек деп есептейді» деген тақырыпта ойларын ортаға салды. Керемет дәлелдермен мықты аргументтер үшін дебатшыларға алғыс білдіреміз.
20.04.2023
Желтоқсан айының 12-15 аралығында мектебімізде тарих пәнінен «Тарих ғасырлар куәсі» атты апталық өтті. Аптаның бес күніне жеті тақырыпты үлестіріп, оқушыларға тарихтың, өткен күннің атмосферасын сезіндіруге тырыстық. Сонымен аптаның алғашқы күнін «Тарих-ғасырлар куәсі» деп аштық. Мұнда, арнаулы даталарға шолу болды. «Қара жорға биі» Қазақтың патриоттық, дәстүрлі әндерін тыңдауымен ерекшеленеді. Келесі күні «Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл» толуына орай шешендік өнер сайысы ұйымдастырылды. Ал, сәрсенбінің сәтіне Оңқай асықтай, күміс қасықтай » деген желеумен асық ату ойыны ұйымдастырылды. Және түрлі логикалық сұрақтарға жауап берді. Сөйтіп, әр қоңырауды босқа өткізбей, қызықты, әрі тәлімді қылуға тырыстық. Бейсенбі күні бесінші сынып оқушыларымен «Алтын адам» археологиялық олжасы атты ашық сабақ өтіп, «Көненің көзі» мектебіміздің мұражайына саяхаттаумен жалғасты. Мұражайда жәдігердің шығу тарихымен таныст. Апталықтың жабылуында, дөңгелек үстел басында ұстаздар оқушыларға, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұқтырып, патриоттық сезімдерін күшейтті. Болашақ Қазақстан жайлы пікір алмасып, бірлік пен татулықтың әрдайым мекені болатынына, жастар өз үлесін қосатынын айтты. 16-желтоқсан күнін еске алып, нағыз халық қаһармандарының ерлігіне тағзым етті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
20.04.2023
Найдено новостей: 71817. Показано с 27921 по 27936