"День за днём - вперёд к дружбе, благодарности и толерантности" атты психологиялық онкүндігі аясында 2026 жылғы 24 ақпанда "Рузаевка орта мектебі" КММ-нде көркем еңбек мұғалімі А.Т.Кушегалина 3-сынып оқушыларымен "Мой символ благодарности" атты арт-техника элементтерімен сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты - басқаларға деген жанашырлықты, ізгі ниетті және сыйластықты дамыту. Сабақ барысында білім алушылар жылулық пен мейірімділіктің нышаны жүрек түріндегі шығармашылық жұмыстарды орындап, оларды ата-аналарына, мұғалімдеріне, достары мен сыныптастарына алғыс сөздермен ресімдеді. Балалардың жұмыстары жарқын, шынайылықпен ерекшеленді және қатысушылардың жағымды эмоционалдық тәжірибелерін көрсетті.
17.02.2026
2026 жылғы 24 ақпанда "Адал азамат" бағдарламасының "Шабыт" жобасын іске асыру аясында "Рузаевка орта мектебі" КММ білім алушылары мен педагогтары "Туған жер" көркемөнерпаздар шығармашылығының байқауына қатысты. Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының сахналануы ұсынылды. Іс-шараның мақсаты - "Адал азамат" бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім алушыларды ұлттық әдеби мұраға баулу. Көркемөнерпаздар байқауына қатысу отандық әдебиетке деген қызығушылықты нығайтуға, білім алушылар мен педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, халықтың мәдениетін, дәстүрлері мен рухани құндылықтарын құрметтеуге негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.
17.02.2026
"День за днём - вперёд к дружбе, благодарности и толерантности" атты психологиялық онкүндік шеңберінде 2026 жылғы 24 ақпанда "Рузаевка орта мектебі" КММ 2-4 сынып оқушылары үшін "Жақсы қарым-қатынастың маңыздылығы неде?» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді. Аталмыш іс-шара оң психологиялық микроклиматты нығайтуға, білім алушылар арасындағы бірлік деңгейін арттыруға, сондай-ақ олардың табысты оқытудың, жеке дамудың және қоғамдағы үйлесімді өзара іс-қимылдың негізі ретінде достық қарым-қатынастардың маңыздылығын түсінуіне ықпал етті.
17.02.2026
🧬Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы химия және биология пәндері мұғалімдеріне «Білім алушыларды (9-11 сынып) химия-биология пәндерінен қорытынды аттестаттаудан өткізу және осы бағытты таңдаған оқушылардың кәсіби таңдауын қалыптастыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн вебинарын өткізді
16.02.2026
Найдено новостей: 73324. Показано с 2881 по 2896