Меню KDT
23 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай «Петровка орта мектебі» КММ 8-сынып оқушыларымен «Орыс тілінің сөздіктері бізге не айтады?» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді. Оқушылар әр түрлі сөздіктерге байланысты тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
05.03.2023
23 ақпан күні "Петровка орта мектебі" КММ - де Халықаралық ана тілі күніне арналған 7- сынып оқушыларымен "Тілдің лексикалық байлығы" ойыны және "Менің ана тілім-менің мақтанышым" шығармалар байқауы өтті.
05.03.2023
22 ақпан күні "Петровка орта мектебі" КММ-де "Халықаралық ана тілі" күніне орай, 2 сыныпта "Wordwol" қосымшасы арқылы ойындар өткізілді
05.03.2023
21 ақпанда "Петровка орта мектебі" КММ-де Халықаралық ана тілі күніне орай "Қазақ тілі-менің ана тілім" тақырыбында 7-сынып оқушыларымен интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушылар әр-түрлі анаграммаларды, жұмбақтарды шешіп, тілге қатысты мақал-мәтелдерді жалғастырды. Қазақ ақындары Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаевтың "Қазақ тілі" өлеңдерін оқыды.
05.03.2023
2023 жылдың 17 ақпанында «Петровская орта мектебі» КММ-де МЮП аға инспекторы полиция майоры Сыздықова Б.А., Чкалов селосы АПБ бойынша полиция подполковнигі Досмұқанов А.У. кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Б.Қ.Найманбаев 8-10 сынып оқушыларымен, ата-аналар комитеті және мектеп әкімшілігінің қатысуымен "Мектептегі балалардың қауіпсіздігі, қорлау(буллинг), мектеп тәртібін сақтау, кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмауы, әлеуметтік желілер, ата-ана бақылауы" тақырыптарында алдын алу әңгімесін жүргізді.
05.03.2023
"Петровка орта мектебі" КММ Мектеп Парламенті Петровский В. П. Ауғанстан жерінен әскерлердің шығуының 34 жыл толуымен құттықтады.Бұл естелік күн біздің жүрегімізде мәңгі сақталсын!Тірі қалғандарға ұлы даңқ пен өмірден озғандарға мәңгі естелік білдіргіміз келеді. Барлығына ашық аспан, мықты денсаулық пен рухтың батырлығын тілейміз!
05.03.2023
Аға тәлімгер Якубовская Е. А. жетекшілігімен Мектеп Парламентінің ұйымдастырумен 4-сынып оқушыларымен "Тұрмыстық заттар" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты:адам өміріне тұрмыстық заттардың әсер етуі. Сыныптан тыс шара барысында оқушылар белсенді әңгімелесіп, жұмбақтар, сөзжұмбақ шешті, ал соңында үйге қажетті заттардың суретін салды.
05.03.2023
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты 8-9 сынып оқушылары арасындағы баскетболдан сайыс.
05.03.2023
"Петровка орта мектебі" КММ Психологиялық қызмет сынып жетекшілеріне қорлау(буллинг) туралы: «Мектептегі қорлаудың алдын алу және жеңу жолдары» атты жадынамалар таратты, сонымен қатар ата-аналар мен оқушыларға арналған стендтердегі ақпараттар таратылды.
05.03.2023
Автоматты бөлшектеу мен жинау бойынша жаттығу.
05.03.2023
14 ақпанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Петровка орта мектебі" КММ кітапханашы Горбачева С. С. "Ауғанстан-сен менің жанымның азабысың" тақырыбында көрме-әңгіме өткізді. Әңгіме барысында 7-сынып оқушылары ауған соғысының тарихымен,өздерінің ауылдастары-ауған соғысының ардагерлері туралы танысты.
05.03.2023
14 қаңтарда "Петровка орта мектебі" КММ оқушылары Келлеровка ОМ базасында "Жас сарбаз" ӘПК әскери-спорттық көпсайысы бойынша спартакиадаға қатысты.
05.03.2023
3 қаңтарда "Петровка орта мектебі" КММ интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне арналған жалпымектептік сап түзеу өтті. Сап түзеуден кейін осы күнге орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
05.03.2023
10 ақпан "Петровка орта мектебі" КММ психологиялық қызмет пен мектеп медбикесі 8-10 сыныптардың қыздарымен " Ерте жүктілік" тақырыбында алдын алу әңгімесін өткізді. Мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу.
05.03.2023
9 ақпан "Петровка орта мектебі" КММ педагог-психолог Пеньковская А.В. 2-4 сыныптарда "Мектеп суреті" атты проективтік әдістемесін өткізді. Мақсаты: баланың мектепке деген көзқарасын және мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау.
05.03.2023
8 ақпан күні "Петровка орта мектебі" КММ психологиялық қызмет 6 сынып оқушыларымен буллинг және кибербуллинг жайында әңгімелесті және буллинг бойынша сауалнама жүргізді. Мақсаты: Білім беру ортасында буллингтің таралуы мен ерекшеліктерін анықтау
05.03.2023

Найдено новостей: 71845. Показано с 30273 по 30288