Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтіп, онда үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері қарастырылды. Бұл тақырыпты талқылауға сынып жетекшілері белсене қатысты. Шағын топтарға біріге отырып, мұғалімдер негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін оқу-тәрбие жұмысының белсенді формаларын жасады. Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалып, оларды алдағы жұмыста пайдалану туралы шешім қабылданды.
08.02.2023
Бұлақ орта мектебінің 2 - сынып оқушыларымен "Кім болам?" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандықққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.Мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
08.02.2023
Бүгін мектебімізде жерлес қаламгер, біртуар азамат, сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы аясында "Мен жастарға сенемін!" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тыңдарман қауымды ақынның жұмбақ сырлы өлеңдерінің тереңіне бойлату мақсатында өткізілген іс-шара аясында Мағжан ақынның жыр шумақтары оқылып, "Батыр Баян" поэмасының желісімен көрініс қойылды.
08.02.2023
Найдено новостей: 71864. Показано с 31489 по 31504