Бүгін қоғамдық-гуманитарлық бірлестік онкүндігі аясында 9-сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен "Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" хикаятындағы кейіпкерлер жүйесі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.А.Калиева өз сабағында оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, білім алушыларды қызықтыруға тырысты.
31.01.2023
Бүгін 6-сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен "Жүзден жүйрік" білімпаздар сайысы өтті. Тарих пәнінің мұғалімі С.А.Есқалиеваның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 5-7-сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін арттыру, ізденімпаздыққа, туған ел тарихын білуге ұмтылуға тәрбиелеу
31.01.2023
#кәсіптік _бағдар беру Көкшетау қаласындағы "Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінен" келген мамандар оқушыларға осы колледж жайлы таныстырылым өткізді. Колледжге түсу жолдары қандай? Қандай құжаттар қажет? Қандай мамандықтар алуға болады?сияқты оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алынды.
31.01.2023
Найдено новостей: 71864. Показано с 31713 по 31728