Бала тәрбиесі мен дамуына отбасының ықпалы баға жетпес.«Отбасы-Мектеп» жобасы аясында 20 қаңтар күні 2"А" сынып оқушыларының бірі Казрагис Альбина Маратқызының анасымен кездесу өтті.Спортқа жаны құмар, жеңіл атлетикадан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері әрі жеңімпазы Альбина Маратқызы балаларға өзінің спорт жолы туралы, спортпен жүйелі түрде шұғылданудың маңыздылығы туралы айтып берді.Балалар сұрақтар қойды, марапаттарды қарастырды. Кездесу соңында олар Альбина Маратқызына жаңа жеңістер тіледі.
23.01.2023
Бугін 23 қаңтар күні 7 сыныпта "Жемқорлықтың тарихи тамыры" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты оқушыларға "Жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, болашақта өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, намысты адал болуға тәрбиелеу. Іс - шара барысында адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдердің мағынасын талдаса, ар намыс, заң туралы мақалдардың жалғасын тауып білімдерін кеңейтті. "Егер мен президент болсам,сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?" деген сұраққа әр топ постерге өз ойларын жазып, қорғады
23.01.2023
Найдено новостей: 71864. Показано с 31953 по 31968