Өскелең ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беру мақсатын көздейтін іс-шаралар жалғасын табуда. Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатқан мектеп түлектерімен кездесу болып өтті. Мектеп оқушыларына студенттік шақ, мамандық таңдау, ересек өмір туралы мағлұмат беруді көздейтін кездесу мазмұнды әңгіме, қызықты сұрақтар мен жауаптар, ойындармен көркейе түсті.
18.01.2023
2023 жылдың 17, 18 қаңтарында оқушылар арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: оқушылар арасында мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту және насихаттау Турнир №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының базасында екі кезеңде өтті: 1) бірінші кезең - Британдық парламенттік формат бойынша іріктеу (БПФ); 2) екінші кезең – американдық парламенттік формат бойынша жартылай финал және финал (AПФ). Турнирге қатысушылар: - қазақша лига -11 команда; - орысша лига -13 команда Қазақша лига бойынша Кенжеғали Елсұлтан мен Қазбекова Махаббат "Жас ұлан" тобы біздің мектептен қатысып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жүлделеріңіз көп болсын
18.01.2023
Найдено новостей: 71864. Показано с 32049 по 32064