"Қамқор" жобасын жүзеге асыру аясында бүгін біздің мектепте Жарқын және танымдық іс — шара - "Taza Fest"экофестивалі өтті! 🎤 Қонақ ретінде шақырылғандар @priyut_isakova @kinolog_selezneva жануарларға арналған баспананың жұмысы туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, үй жануарларын тәрбиелеу мен күтіп-баптаудың қыр-сыры жайлы пайдалы кеңестер айтты. Оқушылар шеберлік сабағына қатысып, жануарларға арналған ойыншықтар мен ескі мозаикадан суреттер жасады 🌱 Фестиваль шынайы жылы әрі достық атмосферада өтті. Шараға қатысқан ата-аналар оның маңыздылығын ерекше атап өтіп, көптеген жағымды пікір қалдырды. 💚 “Taza Fest” баршамызға ізгілік пен мейірім сыйлап, жаңа білімге жетеледі және қоршаған ортаны таза ұстауға деген ынтамызды арттырды!
17.10.2025
"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында "Білім іздеу: интернет немесе кітап"тақырыбында қарар бойынша пікірталастар өтті. 📚📚 Қатысушылар қазіргі заманда қай білім көзі тиімдірек екенін талқылай отырып, Интернеттің бірқатар артықшылықтары бар деген қорытындыға келді: ақпараттың өзектілігі мен жеделдігі, материалдарға кеңінен қол жеткізу мүмкіндігі, интерактивтілік және іздеу жылдамдығы. 📧📧 Ұсынылған аргументтер негізінде Интернетті жақтап шыққан команда дебат жеңімпазы деп танылды.
17.10.2025
15 қазан күні Педагогикалық қолдау орталығының ата-аналарға арналған «Ішкі күш» атты 1-модулі бойынша «Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында сабақ өткізілді. 👫👫 Бұл сабақ эмоционалды тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі реттеу және сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.
17.10.2025
Психологиялық денсаулық декадасына қорытынды жасай отырып, алдыңғы жарияланымдарда қамтылмай қалған жайттармен бөліскім келеді. Арт-шеберхана, күйзеліспен күресу тәсілдерін көрсету, жеке ресурстарды іздеу жаттығулары, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына арналған кеңестер мен ұсыныстар, арт-практикумдар, көңілді үзілістер — мұның бәрі біздің декаданың бір бөлігі болды! 🧑🤝🧑🧑🤝🧑 Педагог-психологтар ретінде бізді ерекше қуантатыны — мұндай іс-шаралар оқушыларға өз ішіндегі жаңа күшті ашуға, сенімді болуға және өзіне де, өзгелерге де мейірімді болуға көмектесетіні. Біз барлық қатысушыларға және бастамаларды қолдағандарға алғысымызды білдіреміз! Ал алда — одан да қызықты, танымды және, әрине, шабыттандыратын шаралар күтіп тұр!
17.10.2025
Найдено новостей: 71387. Показано с 3201 по 3216