⚜️ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөніндегі 2026–2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Орталық педагогтер қауымын заманауи цифрлық шешімдермен таныстыруға және оларды білім беру үдерісінде практикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған кездесулер ұйымдастыруда.
09.09.2026
2026 жылдың 8 қыркүйегінде Ковыльный орта мектебінде «Сапаны сақтау» өңірлік жобасы аясында 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Іс-шара балалардың орта буынға ауысу кезеңіндегі бейімделу процесінің сәтті өтуіне бағытталды. Жиналыстың негізгі мақсаты – 5-сынып оқушыларына қолдау көрсетудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бейімделу кезеңінде туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алу болды. Кездесу барысында 5-сыныптағы оқу процесінің ерекшеліктері, атап айтқанда, психологиялық және әлеуметтік бейімделу, оқу жүктемесі, балалардың эмоционалдық жағдайы, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан тиімді қолдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Баламен ашық әрі сенімге негізделген қарым-қатынас орнатудың, отбасында жағымды ахуал қалыптастырудың, оқуға деген қызығушылықты сақтаудың, сондай-ақ ата-аналар, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері мен мектеп мамандары арасындағы тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер туындап жатқан қиындықтарды дер кезінде анықтауға және әрбір баланың табысты білім алуы, дамуы мен әл-ауқаты үшін қолайлы ортаны бірлесіп қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектеп пен отбасы -баланың табысқа жету жолындағы серіктестер! ❤️ #Адал_Азамат #5_сыныпқа_бейімделу #ата_аналар_жиналысы
08.09.2026
«Бәйшешек» шағын орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында балалар елімізде мекендейтін халықтардың тілдері мен мәдениеттерінің алуан түрлілігімен танысты. Олар қызықты тапсырмаларды орындап, қазақ және орыс тілдеріндегі таныс сөздерді қайталады, ойындарға қатысты, сондай-ақ достық, өзара құрмет және бірлік туралы әңгімелесті. Мұндай іс-шаралар балалардың бойында ерте жастан бастап ана тіліне деген сүйіспеншілікті, түрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауды, сондай-ақ көпұлтты Отанымызға деген патриотизм мен мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. 🌷 Әрбір тілге құрметпен қаралып, Қазақстан халқын достық пен татулық әрдайым біріктіріп тұрсын! #Адал_Азамат
08.09.2026
Найдено новостей: 73130. Показано с 513 по 528