03.06.2024ж "Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ бастауыш сыныптар үшін мектеп жанындағы сауықтыру лагерь өз жұмысын бастады. Бұл балалардың жазғы демалысының алғашқы кезендерін пайдалы етіп өткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жазғы лагерь жас балаларға түрлі сауықтыру ойындарын өткізіп, пайдалы істермен айналысуына барынша мүмкіндіктер береді. Мектептің ұстаздары балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуіне еңбек етеді. Жазғы лагердің ашылуында мектеп меңгерушісі Жаканова Б.С. балаларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар бүлдіршіндер ойындар ойнап, би билеп, тақпақтарын айтыа, уақыттарын көңілді өткізді.
03.06.2024
1 маусым-балаларды қорғау күні. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам. Бұл мереке балалардың асыға күтетін мерекесі. "Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ балаларды қорғау күніне байланысты қызықты іс-шаралар өткізілді. Мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиеленушілермен вело жарс ұйымдастырылса, бастауыш сынып оқушылары ойын ойнап, тақпақтар айтып көңілдерін көтерді. Осы күнге орай ТОО "Сырымбет-1" бірлестігі балаларға арнап мектепке спорттық жабдықтарды сыйлады.
03.06.2024
Найдено новостей: 71632. Показано с 14705 по 14720