ЕЛІМНІҢ ТАҒДЫРЫ – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ
Желтоқсанның 13 күні 5-11 сыныптар арасында еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты тақырыпта сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату; өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге тәрбиелеу; өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азаматты қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, әндер орындаумен қатар өткен тарихымыздың шежіресіне көз жүгірте отырып, еліміздің болашағы туралы өз ойларын ортаға салды.
Комментариев нет
Просмотров: 262