Меню KDT

Мектепішілік «Абай оқулар» байқауы

     2014 жылдың қаңтар айының 23 күні №69 мектеп – гимназиясында мектепішілік «Абай оқулары» өтті. Абай оқуларының үш кезеңіне 5 – 10 сыныптың оқушылары белсенді түрде қатысты.


    2014 жылдың қаңтар айының 23 күні №69 мектеп – гимназиясында мектепішілік «Абай оқулары» өтті. Абай оқуларының үш кезеңіне 5 – 10 сыныптың оқушылары белсенді түрде қатысты.
    Мектепішілік Абай оқуларының негізгі мақсаты:

  • мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;
  • оқушылардың сезім мәдениетін дамыту;
  • оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Мектепішілік Абай оқулары үші бөлім бойынша өткізілді:  

  • «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармаларын (өлеңдерін, поэмаларын, қарасөздерін) жатқа, нақышына, мәнерлеп оқып, көбірек және толығымен жатқа білетін оқушы 5 «А» сынып оқушысы Закария Бақыт жоғары бағаланып, әділқазылардың көңілінен шықты.
  • «Көңілін әнді ұғады» - Абай әндері мен күйлерін тамылжыта шырқаған 6 «Ә» сынып оқушысы Жандәулет Әділ жоғары бағаланды. Пән мұғалімі: Абилкасимова Күләш Нурахметовна  
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауында өзінің жүрекжарды арнауын теберенте Абай тұлғасына арнап жазған 9 «Ә» сынып оқушысы Қаражанова Крестина жоғары бағаланды. Пән мұғалімі: Жексенбина Арай Балтабековна.  







Комментариев нет
Просмотров: 750
Автор: 69mektep
Сайт: 69school-gymnaziya.edu.kz
Добавлено: 30.01.2014 в 10:36