Меню KDT

«Білімнің балбұлағы - бастауыш» атты онкүндіктің қорытындысы

     Астана қаласы № 42 орта мектебінің бастауыш сыныптар арасындағы «Білімнің балбұлағы - бастауыш» атты онкүндіктің қорытындысы


балбұлақ Бекітілген жоспарға сай мектептің акт залында онкүндіктің ашылуы бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты түрде болды. Ашылу салтанатының бағдарламасын Құсайынова А.Т, Серікбай Ж.С, Бердбек Е әзірледі. Оқушыларға арналған қызықты тапсырмалар мен логикалық есептер, флешмоб пен ойындардан құралған бағдарламаға оқушылар аса қызығушылықпен қатысты. Онкүндік барысында атқарылатын іс-шаралардың ретімен таныстырылып, болатын іс-шараларға дайындықты осы кезден бастау керектігін ескертті. Келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Менің елім-Қазақстан» , «Елімнің ақордасы - Астана»атты сурет көрмесі болатынын, көрмеге А3 форматында акварель, түрлі-түсті қарындаш, гуашь бояуларымен салынған тақырыпқа сай суреттер қабылданып, онкүндік соңында марапатталатынынан хабардар етті. Ашылу салтанаты көңілді, қызықты өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 1106
Автор: 42mektep
Сайт: 42mektep-astana.edu.kz
Добавлено: 14.02.2014 в 00:00