
«Шаттық» байқауындағы жетістіктер
«Шаттық» байқауындағы жетістіктер
Астана қаласының жалпы білім беретін мектептер,гимназия,лицей,колледж және кәсіптік лицей оқушыларына арналған Ұлттық Дельфийлік ойындары бағдарламасы бойынша «Шаттық» байқауында №59 мектеп-лицейі «Фотография» жанры бойынша – Алтын медаль, «Хореография» жанры бойынша спорттық-балдық биден – Алтын медаль, «Театр» жанры бойынша – Күміс медаль, халықтық биден – Диплом, бейнелеу өнерінен – Диплом, «Хор» жанры бойынша – Диплом, «Вокал» жанрының трио номинациясы бойынша – Диплом, Поззия жанры бойынша –Дипломдармен марапатталды.
Осы байқау бойынша «Фотография» үйірмесінің жетекшісі – Ж.Р. Кокумбаевқа, «Бомонд» хореографиялық би үйірмесінің жетекшілері В.В.Лиға, О.В.Лиға, «Театр» үйірмесінің жетекшісі Н.Н.Иманғалиевке, «Елигай» хореографиялық би үйірмесінің Б.Т.Бушаеваға, «Хор» үйірмесінің жетекшісі А.Т.Тұрмағанбетовке, «Вокал» үйірмесінің жетекшісі А.С.Мамыроваға, «Көңілді бояулар» үйірмесінің жетекшісі – Е.К.Тусипхановқа, «Абайдың ізімен» поэзиялық үйірмесінің жетекшісі Р.Ш.Шнановқа мектеп әкімшілігінің атынан үлкен алғыс білдіреміз! Еліміздің ертеңі болатын жастарды тәрбиелеуде Сіздердің әлі талай асулардан өтетіндеріңізге біздің сеніміміз мол