Меню KDT

Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологтарының іс-шарасы өтті

Білім басқармасының балабақша психологтарының тәжірибелік шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, № 44 «Үркер» балабақшасының психологы Бағдал Майгүл 2014 жылғы 12 ақпанда «Арт-терапия элементтерін қолдану арқылы балаларда жағымды көңіл-күйін туғызу» атты ашық оқу іс-әрекетін көрсетті.

Семинарға Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш., модераторлар Шонтыбаева А.Н, Төлеген А.О. қатысты.

Семинар мақсаты: Арт-терапия тәсілдері арқылы  психологиялық  тұрғыдан баланың шығармашылығын  ой-өрісін, қиялын, өз-өзіне сенімділігін, өзгемен қарым-қатынасын дамытып, бала бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп  ашуға жағдай жасау.

Оқу іс-әрекеті барысында психолог Бағдал Майгүл екі арттерапевтік техниканы біріктірді: «Мандаланы» «Сиқырлы бояулар» арқылы құрғызды. Балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарып шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін артты. Сонымен қатар балалардың психологиялық көңіл күйі анықталып, жеке әңгімелер жүргізілді. 

Сонымен қатар, сабақтың соңында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту, қиын балаларды топқа біріктіру мақсатымен «Дене  бағыт терапиясы» жүргізілді.

Теги:  мектепке дейінгі мекеме, психолог, педагог, іс-шара,

Комментариев нет
Просмотров: 109
Автор: sanzhar_e
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 17.02.2014 в 00:00