Меню KDT

Мәңгілік ел – ұлттық идея

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауының негізінде «Мәңгілік ел- ұлттық идея» тақырыбында пікірталас өткізілді. Бұл шара аясында Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2050” стратегиясы сөз етіліп, оның Көне түркі жазба ескерткіштерімен, Ж.Баласағұнидің “Құтты білігімен”, Әл-Фарабидің философиялық трактаттарымен сабақтастырылды.


Аталған шарада мектеп оқушылары аса белсенділік танытып, еліміздің жарқын болашағына, кемел келешегіне немқұрайлы қарамайтындығын танытты. Өткен мен бүгінді, бүгін мен ертеңді байланыстырған бұл кеш өте тартымды өтті. Оқушылар өз ойымен еркін бөлісіп, стратегия жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Нұрулла Аслан, Шайхислам Ақтолқын, Төлекбергенова Сымбат көрермендерді қызықтыру мақсатында слайдпен жұмыс істеп, көрермендердің ықыласына бөленді. Қырғызбай Дәурен, Әмірғалиева Баян, Балтабай Райхан, Есмағанбетова Мөлдір сынды оқушылыр осы шара аясында ерік-жігерімен, сөз саптауларымен ерекше көзге түсті. Жолдаудың маңыздылығы мен мәнділігі әр тыңдаушыға жетті. Мәңгілік ел болу үшін ата-бабалар даналығымен сусындап, Елбасы көрсеткен сара да дара жолда жүруіміз шарт. Білім мен ғылым, еңбек пен талаптың арқасында ғана біз Қазақстанды биік-биік белестерге көтеріп, әлем елдерімен терезесі тең, іргелі де берекелі мемлекетке айналдыра аламыз. Бұл іс-шарада талқыланған дәл осы мәселелер мектептегі әр сыныпта сынып сағаттарында өрбітілмек. Мәңгілік ел - барша ұлтты кемелділікке жетелейтін, ұлт мүддесін асқақтататын, елімізді жарқын да жарық болашаққа жетелейтін, халық бірлігі мен ынтымағын, татулығы мен достығын нығайтатын идея. Елбасының 2050 стратегиясы бізді келешекке бір қадам жақындатып, жүрегімізге сенім ұялатып, үмітімізді үкілейді.

                                                                                                                  

10 сынып оқушысылары   Төлекбергенова Сымбат
                                             Есмағанбетова Мөлдір


Комментариев нет
Просмотров: 771
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.02.2014 в 00:00