Қыз намысы - ұлт намысы
Қазақ қашанда қыз тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз-қонақ, қыз-гүл, қыз-қызық, қыз-бақыт. Егер бұрынғы қыздың бақытсыздығы бас еріксіздігінде болса, керісінше қазіргі қыздардың бақытсыздығы - тым еркінсіп кетуінде сияқты.
Қазақ қашанда қыз тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз-қонақ, қыз-гүл, қыз-қызық, қыз-бақыт. Егер бұрынғы қыздың бақытсыздығы бас еріксіздігінде болса, керісінше қазіргі қыздардың бақытсыздығы - тым еркінсіп кетуінде сияқты. Біз, ұстаздар, сол қыздарымызды осы жағымсыз қылықтардан сақтандыру жолында еңбектенеміз. Бұл ретте халықтық педагогиканың мәні зор. Сондықтан мектебімізде «Қызым - үйде, қылығы - түзде» тақырыбында қыздар клубының пікірталасы өтті. Оған 10-11-сыныптардың оқушы қыздары қатысты. Пікірталас өзегіне Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы алынды. Ақбілектің басына түскен жағдай мен бүгінгі қыздардың осындай жағдайға түсіп қалуы салыстырылып, себептері мен салдары талқыланды. Шәкірттер қыздардың ұятты болып қалуы мен тастанды балалардың көбеюі - алдымен қыздардың өзінен, содан кейін үй тәрбиесінен, әлеуметтік- тұрмыстық себептерден болуы мүмкін деп шешті. Ал бұл жағдайды болдырмау үшін ата ананы тыңдап, ұстаздарды сыйлап, ата салтын сақтап, жағымсыз қылықтарға бармау керек деген қорытындыға келді...