Меню KDT

Қалалық байқау

Дельфийлік  ойындар  бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауы 2014 жылдың 11 – 15 ақпан аралығында  Астана қаласының жалпы білім беретін  мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында өтілді.


Дельфийлік  ойындар  бағдарламасы бойынша VIII «Шаттық» қалалық байқауы 2014 жылдың 11 – 15 ақпан аралығында  Астана қаласының жалпы білім беретін  мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында өтілді.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім беру басқармасы, Астана қаласының мектептен тыс ұйымдары - Махамбет  Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, №1,  №2 «Өнер» мектептері,  №1,№2,№3  балалар музыка мектептері, балалар көркемсурет  мектебі,  балалар техникалық шығармашылық орталығы.
Шаттық – бұл тек жарыс қана емес, бұл талантты балалардың шығармашылығының жан-жақты ашылуы, бұл  үздік педагогтардың, музыканттардың,  хореографтардың қажырлы еңбектері арқасында құрылған балалар шығармашылығының шеберханасы.  
Мектеп оқушылары  7 жанрдың 10 номинациясы  бойынша байқауға  қатысты.    Қатысушылар  екі жас санаты бойынша 10-15, 16 жас одан жоғары  өнер көрсетті. Байқау қатысушыларының өнері 10 балдық жүйемен ашық дауыспен бағаланды.

«Вокал» жанры  жеке орындауда    4 «Б» сынып оқушысы   Жүгінісов  Мұхаммедәли   Қола медаль иегері атанды.  Жетекші ұстазы Ибишев Жарқын Дүйсенбайұлы.

 

     «Хор» жанры бойынша мектеп оқушылары дипломға ие болды. Жетекшісі Мустапин Хайдар Нурмолдаевич.

    «Бейнелеу» жанры бойынша  6 «А» сынып оқушысы   Есенбаев  Абай дипломға ие болды.  Жетекші ұстаз  Белгібаева Жанат Дүйсенқызы.

 200

«Поэзия»   жанры   бойынша 6 «а» сынып оқушысы Бигарина Аружан өз туындысы бойынша  дипломға ие болды.   Жетекші ұстаз  Әлімбеков Нұрсұлтан Бауыржанұлы.  

 


Комментариев нет
Просмотров: 606
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.02.2014 в 16:28