Меню KDT

№59 мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінің «Жыл мұғалімі» сайысы

«Жыл мұғалімі»  сайысы

  №59 мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесінде мектепішілік деңгейде «Жыл мұғалімі» сайысы болып өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – білім берудің басым жақтары,  шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар туралы қоғамға жариялау.

            


Сайыс міндеттері:  -  талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау;  - мұғалімдік мамандықтың мәртебесін өсіру;  - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату;  - кәсіби қарым-қатынастың диапазонын кеңейту.              Сайысқа мектептің әдістемелік бірлестіктері атынан ұсынылған педагог қызметкерлер және өзін ұсынушылар қатысты. Сайыс екі кезең бойынша өткізілді. 1- кезеңде  әдістемелік бірлестік комиссиясының іріктеуі болып өтті.  2- кезең екі күнге жоспарланып, бағдарлама бойыша өтті. 21 –ақпан күні пәндер бойынша ашық есік күні өткізілді. Кесте бойынша бір күн көлемінде ұйымдастыру комитеті сабақтарға қатысып бағасын берді. 22-ақпан күні жариялы түрде акті залында сайыс өтті. Сайысқа 7 мұғалім қатысты: Ильясова Л.О.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Насырова Г.Т. - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Саркенова С.М.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Нурмаганбетова Г.С - математика пәні мұғалімі, Салхаева Д.У. – математика пәні мұғалімі, Измуханова Л.А.- ағылшын тілі пәні мұғалімі, Турмаганбетова А.Т. -  музыка пәні мұғалімі.

 Сайыс 5 кезеңнен тұрды.  

  1. Презентация. Өзін-өзі таныстыру немесе ұжымның, оқушыларының қолдауы арқылы.
  2. Буклет.

 1) А3 форматта.Өз білімін жетілдіру тақырыбы, мақсат, міндеті. Оқушыларының жетістіктері, білім көрсеткіштері, мұғалімнің қалалық деңгейдегі жетістіктері, фото суреттер.

2) Эссе «Ұстаз- оқушыны шабыттандырушы»;

3) Альбом.  «Мен және менің оқушыларым», кітап  ретінде шығарылған.

3.Ата-аналар мен  оқушылар пікірі, видео түсірілім 2-3 минут.

  1. Әр қырлы ұстаз. Өз өнерін көрсету. Ән,би, шығармашылық жұмыс, театрлық қойылым.
  2. Ситуациялық жағдайды шешу.

           Сайыс мазмұнына сай  мұғалімдердің жұмысына баға берілді, сабақ беру әдістемесінің деңгейі, ғылыми-әдістемелік құзіреттілігі анықталды, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануы анықталды. 

           Сайысқа  қатысушы  мұғалімдердің интеллектуалдық дамуы және педагогикалық шеберлігі; пән бойынша білімі, сабақ беру әдістемесі; жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы;  тәрбиенің және оқудың тиімді жолдарын енгізуі(АРББ-НДО); педагогикалық ситуацияны шешу шеберлігі және оқушының  психологиялық жағдайын түсінуі; мәдениеті мен құжаттардағы, материалдардағы эстетикалық көркемдігі бағаланды.             Сайыс қорытындысы бойынша  жеңімпаздар анықталып 3 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

1-орын- Салхаева Дана Уйсинбаева

2-орын- Измуханова  Лаура Әділғалиқызы

3-орын -Нурмуханбетова Гулшат Сагишевна

Сайысқа қатысушы мұғалімдер пән бірлестіктерінің атынан және кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Комментариев нет
Просмотров: 756
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.02.2014 в 19:13