Меню KDT

Ана – өмір шуағы

05/03-2014 ж. Халықаралық 8 наурыз мерекесіне орай « Ана өмір шуағы» атты мектеп ұстаздарына және қыздарға арналған сап түзеу өтті.


 №52 мектеп – гимназиясында аптаның әр сәрсенбісі ертеңгі 8.00-8.15 аралығында      1-11 сыныптар бойынша саптүзеу  өткізіледі.

05/03-2014 ж. Халықаралық 8 наурыз мерекесіне орай « Ана өмір шуағы» атты мектеп ұстаздарына және қыздарға арналған сап түзеу өтті.Мақсаты: Оқушылардың ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға  тәрбиелеу.

Саптүзеудің бірінші бөлімінде ҚР мемлекетінің Туына тіктеліп,  Әнұран орындалып, әрі қарай екінші бөлімде 8а сыныбы оқушылары, сынып жетекшісі М. Жақыпова   ортаға шығып,  анаға деген құрметтерін білдіріп, ән шумақтарын арнап, би билеп, өлең шумақтарын ортаға салды іс-шара соңында анаға  деген, оның ішінде қыздарға  деген құрмет сөздерімен аяқтады. Саптүзеуді тәрбие ісі орынбасары Л.С. Аппазова қорытындылады.

Ана – өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

                                                                

 


Комментариев нет
Просмотров: 771
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.03.2014 в 16:00