Меню KDT

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

Мектебімізде жас мамандар бірлестігі жұмыс жасайды. Жас мамандардың қатары жылдан- жылға көбеюі көңіл қуантады. Биылғы оқу жылында «мұғалім мамандығының қыры мен сырын ұғынамын, шәкірт тәрбиелеймін» деген үміт арқалаған 24 жас маман  бар. Әр жыл сайын жас мамандардың фестивалі өту дәстүрге айналған. Сондай игілікті іс-шара биылғы жылы да болып өтті. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында ұйымдастырылған фестиваль өз мәресіне жетіп, өз жеңімпаздарын айқындады.

Фестиваль аясында ұйымдастырылған І кезең нәтижесі бойынша І орынды бастауыш сынып мұғалімі Рахимкулова Дамира, ІІ орынды ағылшын пәнінің мұғалімі Жолымбетова Жансая, ІІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Тамбетова Жұлдыз, химия пәні мұғалімі Өмірзақ Қанат иеленді.Сұлтанбаева Гаухар грамотамен марапатталды.
    Жас мамандар фестивалінің ІІ кезеңі бойынша іріктеуден 9 мұғалім өтіп, өзара сынға түсті.Сайыс нәтижесінде 4 мұғалім, Омаров Мақсат, Шәмірбек Ақтолқын, Әкімбек Динара, Нұрхамит Нүрия сертификат иегері атанса,ІІІ орынды 152 балл жинаған Жусупова Еркежан, Тамбетова Жұлдыз иеленді. Өзіндік  шығармашылық ізденіске бет бұрған  Өмірзақ Қанат 158 ұпай көрсеткішімен  жүлделі ІІ орынды иеленді, ал І орын иегері бастауыш сынып мұғалімі Рахимкулова Дамира болды, оның жинаған ұпай саны- 173. 179 жалпы ұпай санымен бас жүлде  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ЖолымбетоваЖансаяның  еншісіне тиді. Жансая мектеп абыройын қалалық деңгейде қорғауға жолдама алды.

Комментариев нет
Просмотров: 604
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.03.2014 в 00:00