
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде Ғылым күні болды. Ғылым күніне арналған безендіру жұмыстарын ұйымдастырған Тайжанова А.М. мен Аубакирова Б.А. «Қазақ тіліндегі кедергілер мен тосқауылдар» атты диспут сабақты 11 сыныпта мұғалім Сейтказин Е. жүргізді. Сабақ тартымды сұрақтар мен мәселелерді шешетін сөздермен қызықты өтті. 10-сыныптар арасында ғылыми жобамен қалай жұмыс жүргізу туралы «Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұралары » атты сабақты Сыбанбаева Б.М. өткізді. Зерттеудің мақсаты:Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұраларын зерттеу, кейінгі ұрпаққа таныту. Жұмыстың өзектілігі:Тағдырын тәлкекке салған жарты ғасырдан астам мәңгүрттіктен кейін халқымен қайта қауышқан Шәкәрім Құдайбердіұлының тарих алдында,ұрпақ алдында алар орны ерекше. 9-8 сыныптар арасында «Мұстафа Шоқайдың көсемсөздеріндегі тәуелсіздік идеясы» атты зерттеу жұмысын Гидебаева М.К. мен Исабекова К.Х. жүргізді. Бұл сабақтың мақсаты: Ағартушының жалпы сол өткен кезеңдегі жазған мақалаларының рөлі мен маңыздылығын аша отырып,оның көсемсөздеріндегі тәуелсіздік идеяларын ашу. «Зерде ғылыми жобасы бойынша» 5-7 сыныптар арасында Сейтказин Е. презентацияның жасалу жолдары атты сабақ жүргізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде Ғылым күні болды. Ғылым күніне арналған безендіру жұмыстарын ұйымдастырған Тайжанова А.М. мен Аубакирова Б.А. «Қазақ тіліндегі кедергілер мен тосқауылдар» атты диспут сабақты 11 сыныпта мұғалім Сейтказин Е. жүргізді. Сабақ тартымды сұрақтар мен мәселелерді шешетін сөздермен қызықты өтті. 10-сыныптар арасында ғылыми жобамен қалай жұмыс жүргізу туралы «Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұралары » атты сабақты Сыбанбаева Б.М. өткізді. Зерттеудің мақсаты:Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұраларын зерттеу, кейінгі ұрпаққа таныту. Жұмыстың өзектілігі:Тағдырын тәлкекке салған жарты ғасырдан астам мәңгүрттіктен кейін халқымен қайта қауышқан Шәкәрім Құдайбердіұлының тарих алдында,ұрпақ алдында алар орны ерекше. 9-8 сыныптар арасында «Мұстафа Шоқайдың көсемсөздеріндегі тәуелсіздік идеясы» атты зерттеу жұмысын Гидебаева М.К. мен Исабекова К.Х. жүргізді. Бұл сабақтың мақсаты: Ағартушының жалпы сол өткен кезеңдегі жазған мақалаларының рөлі мен маңыздылығын аша отырып,оның көсемсөздеріндегі тәуелсіздік идеяларын ашу. «Зерде ғылыми жобасы бойынша» 5-7 сыныптар арасында Сейтказин Е. Презентацияның жасалу жолдары атты сабақ жүргізді.