Меню KDT

АРУЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!

    «Қазақ аруы» республикалық байқауы продюсер Баян Есентаевнаның бастамасымен республикамызда 4-нші жыл қатарынан өткізіліп отыр.


    «Қазақ аруы» республикалық байқауы продюсер Баян Есентаевнаның бастамасымен республикамызда 4-нші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Сайысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен қатысушы үміткерлер саны күн сайын арта түсуде. Қазақ тілін, дәстүрін, тарихын, әдебиетін білу,  бойының ұзындығы 170 см-ден кем болмауын, шашының ұзындығы аруларға қойылатын басты талаптар болып табылады. Сайысқа іріктеу барысында бүгінгі күнде бірнеше жүз үміткердің ішінен 21 үміткер ару іріктелген. Соның бірі Қажынхан Гүлмарал Елордамыз Астананың, №49 орта мектебінің  намысын қорғайды. Аталған сайыстың сырттай кезеңі   «VOX Populi-2014» атағына үміткер аруларға онлайн түрде дауыс беру арқылы анықталады. Бұл кезеңде Қажынхан Гүлмарал жиырма бір арудың ішінде 4-орынды иеленіп отыр. Сайыстың ақтық кезеңі үстіміздегі жылдың 16 наурызында «Қазақстан» концерт залында өтетіндіктен, аруымызға артар сеніміміз мол. Гүлмаралға  тек қана сәттілік  пен жеңіс тілейміз!




Комментариев нет
Просмотров: 448
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.03.2014 в 11:53