
«Батырлардан өнеге» атты қалалық сайыс
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. «Алдаспан» танымдық журналы, «Алдаспан» қоғамдық батырлар қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры, Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесіп «Батырдан өнеге» атты сахналық көріністен сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа №8ОМ, №62МЛ, №67Л, №55ОМ, дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің оқушылары батырлар жырынан тамаша сахналық көрініс көрсетті.
Байқаудың мақсаты жас ұрпақтың бойына батыр бабаларымыздың, аға ұрпақтың ерлік дәстүрлерін, рухани-парасаттылық, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру.
Оқушылар батыр бабаларымыздың ерлік істерін баяндайтын батырлар жырынан үзіндіні жатқа айтты. Сайысқа қатысушы оқушылардан сөйлеу мәнері (мәнерлеп оқуы, дауыс ырғағы), актерлік шеберлігі (сахнада өзін-өзі ұстауы, іс-әрекеттің ұтымдылығы), сахна мәдениеті (сыртқы көрінісі, киімі) талап етілді.