Меню KDT

«Наурыз тойын тойлайық»

Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінде «Наурыз тойын тойлайық» атты өткізілген мерекелік іс-шара туралы ақпарат


17- наурыз күні колледж бөлімшелері арасында наурыз мерекесіне арналған той- думан өткізілді. Колледждегі төрт бөлімше төрт ауыл атанып, өздерінің киіз үйлерін безендірді.  Барлық студенттер мерекелік той-думанға бар ынта-жігерімен қатысып, ұлттық киім киіп, өз өнерлерін көрсетті.   Сонымен қатар аталған той думанда төрт бөлімше студенттері қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, көрсетті. Астана қаласы Тілдер дамыту басқармасынан арнайы комиссия мүшелері келіп колледжде өткізілген  мерекелік іс-шараны тамашалады. Бөлімшелер арасында салт-дәстүрге байланысты өзара сайыс өткізілді.


Комментариев нет
Просмотров: 102
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.03.2014 в 00:00