
Мектептегі дүлдүлдер додасы...
2014 жылдың наурыздың 15 күні мектебімізде «Екі жұлдыз» байқауының бірінші кезеңі өтті. Екі жұлдыз» байқауы сынып жетекшілер мен оқушылар қатысуында тәрбие жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды .
2014 жылдың наурыздың 15 күні мектебімізде «Екі жұлдыз» байқауының бірінші кезеңі өтті. Екі жұлдыз» байқауы сынып жетекшілер мен оқушылар қатысуында тәрбие жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды . Сайыстың мақсаты: Өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ұстаз бен дарынды оқушыларды анықтау. Мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру, тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыру. Сайыс шарттары бойынша - оқушы мен мұғалім қатысты. Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай 50 пайыз дауысқа ие. «Жұптар» жеребе бойынша таңдалынып, жанды дауыспен еркін тақырыпта әндер орындады. Қазылар алқасы қатысушыларды вокалдық мүмкіндігіне, актерлік шеберлігіне, костюміне қарап, бағалап өз пікірлерін білдірді. Өнер көрсеткен 7 жұп. Екі жұлдыз» байқауының екінші кезеңі сәуірдің 5 күні өткізіледі. Бұл кезеңде қатысушылар әр ұлттың әндерін орындайтын болады.
«Екі жұлдыз» байқауы
Комментариев нет
Просмотров: 630