Меню KDT

Құттықтаймыз!!!

  Сарыарқаның саумал желімен тербелген аппақ күміс селеулі далада барша дүниені селт еткізіп елең еткізген қала, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Астана қаласының төрінде орналасқан жүз жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы киелі шаңырағының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, екі бірдей қуаныштың иесі - Үсенов Әділет Асқарәліұлын бүгінгі қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз.


  Сарыарқаның саумал желімен тербелген аппақ күміс селеулі далада барша дүниені селт еткізіп елең еткізген қала, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Астана қаласының төрінде орналасқан жүз жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы киелі шаңырағының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, екі бірдей қуаныштың иесі - Үсенов Әділет Асқарәліұлын бүгінгі қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз. Ұстаздық деген ұлы жолды ұстанып, оқушыларына білім нәрін сусындата отырып, өзін де шыңдап, Қазақстанның Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі ұйымдастырып отырған Шито-рю каратэ-додан X-шы Қазақстан Республикасының Чемпионатында Кумитэ бағдарламасы бойынша «18-25» жас аралығында 55-салмақ дәрежесінде «Бірінші» орынға ие болған Әділет келешектен зор үміт күттіретін ұстаздарымыздың бірі болып отыр. Әділетті осы ұстанған бағытынан танбай еңбек етіп, артынан ерген оқушыларын да өзі жеткен жетістіктеріне жеткізуіне тілектеспіз. Мұғалімнің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу болса, Әділет сол жолды өзі көрсете отырып, артынан ерген ізбасарларына үлкен өнеге көрсетіп келе жатыр. Екінші қуаныш Әділет сол атаулы жеңісті өзінің туылған күнінде алып келіп отыр. Туылған күніне жетіп отырған жеңісі Әділетті жас та болса ерінбей еңбек етіп, артынан ерген шәкірттері де ұстаздың нәтижесін қайталаса деген игі тілектеміз!
 
Мектеп ұжымы


Комментариев нет
Просмотров: 534
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 31.03.2014 в 00:00